Бас есепшіге бас еркіндігі мұң

32 жастағы Олесия Дациева жемқорлық әрекетке барғаны үшін алты жылға бас еркіндігінен айырылды.
Қостанай облыстық соты Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер футбол мектебі» КММ бас бухгалтері және оның адвокатының бірінші сатылы сот үкіміне келтірген шағымы бойынша қылмыстық істі қарады.
Еске салсақ, ол өткен жылдың 23 желтоқсанындағы Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 189 бабы 3 бөлігі 1,2 тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) айыпты деп танылған болатын.сотАзаматша Дациева материалды жауапты тұлға бола тұра бөтен мүлікке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, мемлекетке материалдық шығын келтірген.
Тәртіпке сай спорттық сайыстар өткізуге кететін шығындарды өтеу туралық бұйрықпен бірге іссапарлық шығындарды өтеу үшін қажетті сомма көрсетілген шығындық смета ұсынылады. Осыдан кейін бухгалтер корпоративтік карточкадан семтаға сәйкес іссапар шығынын төлеу үшін қажетті сомманы шешіп алады. Бұл қаражат міндетті түрде кассаға кірістеліп, кассалық ордермен берілуі тиіс.
Алайда, мекеменің корпоративтік карточкасынан сметаға сай қаражаттарды алған бас бухгалтер оны кассада кірістемеген. Сонымен қатар, корпоративтік есепшоттан бапкерлердің жеке шоттарына іссапарлық шығын ретінде қаражат аударып, кейін корпоративтік шоттан шығын сметасына сай алынған сомманың іссапарлық шығын көлемін өзіне қалдырып отырған.    
Осылайша, 2012-2015 жылар аралығында әрекет еткен айыпталушы мемлекетке 1,5 млн. теңге шығын келтірген.
Сондай-ақ азаматша көрсетілген мерзім аралығында ақша алуға тиісті бұйрықсыз, аванстық есеп ұсынусыз корпоративтік карточкадан еш негізсіз  1 961 152 теңге алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Кейін оны өз жалақысынан өтемеген. Осылайша азаматша Дациеваның әрекетінен Қостанай қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөліміне 3 448 838 теңге  көлемінде шығын келген.
Сот үкімімен  О.Дациева қылмыстық әрекетте айыпты деп танылып, оған жалпы тәртіптегі колонияда 6 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.
Облыстық сот апелляциялық шағымды қанағаттандырусы қалдырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓