Тоты ұрлағанға – тотының тағдыры
Қостанайлық жігіт тотықұс ұрлағаны үшін екі жыл арқалады. 25 жастағы Сергей Агаркин бұған дейін де жеті рет істі болған. Ең соңғы рет істі жігіт ақпан айында ұрлық жасағаны үшін жауап берген болатын. Енді Агаркин кезекті ұрлығы үшін 2,5 жылды арқалап, қатаң режімдегі түзету колониясына қамалады. Бұл туралы Кstnews.kz сайтына сілтеме жасап, "Жас қазақ" АА хабарлады.
Бұған дейін, 24 қаңтар күні белгісіз біреулердің қаладағы зоодүкеннің есігін бұзып, ішіндегі торда тұрған құстарды ұрлағаны туралы айтылған болатын.
Дүкеннен 16 тоты құс пен құндыз жануары ұрланған. Агаркин ұрлықтан бөлек, ғимаратқа заңсыз кіргені үшін де айыпталып отыр. Оның офистен 100 литрге берілген жанармай талоны мен 4000 теңге жымқырғаны да дәлелденді.