Құрдымға кеткен жоба қайта жандана ма?

Өңірімізге арнайы келген «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айдарбекова облыс орталығындағы «Қазақхимияталшық» («Казхимволокно») серіктестігінің бұдан кейінгі тағдырын талқыға салды. 59_bigАйтуынша, 2013 жылы мемлекеттік комиссияның шешімімен «Қазақстанның даму банкі» АҚ тұралап қалған 36 жобаны әрі қарай жүзеге асыру мақсатында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-на береді. Сол тізімнің қатарында химия-талшық зауытының бастамасымен «ARNIX» арамидтік талшық технологиялық кешенін іске қосу жобасы да болған:_MG_4648– 2013 жылдан бері Қазақстанның инвестициялық қоры шатқаяқтап тұрған кәсіпорынға мемлекеттен бөлінген қаражатты қайтару үшін сот арқылы да, инвесторлар тарту арқылы да жұмыс істеп келеді. Ақыры химия талшық зауыты банкрот болып жарияланды. Енді осы мәселені Қостанай облысының әкімшілігімен бірлесе отырып шешуді қолға алмақпыз.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ 2003 жылы ел үкіметінің қаулысы негізінде еліміздің инвестициялық ахуалын дамыту мақсатында құрылған. Қаржылық басқарма 2013 жылы жаңа стратегия қабылдады. Қазіргі таңда қор жуық арада жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыруды көздеп отырған жоқ екен. Керісінше, проблемалық активтерді қайта жандандыру мен бұған дейін өндірістерге салынып, сәтсіз игерілген қаражаттарды мемлекетке қайтару жұмыстарымен айналысуда.
 
Қыдырбек Қиысханұлы
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.       

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓