Қауіпсіздік белдігін тақпауға бола ма?

Үстіміздегі жылдың 18 сәуір күні сағат күндізгі 11.00 шамасында Қостанай қаласындағы Қайырбеков көшесі бойымен көлікпен келе  жатқан газетіміздің тілшісі Қыдырбек Қиысхан қатарласып өтіп бара жатқан жол-патрульдік полиция машинасында тәртіп сақшыларының қауіпсіздік белдігінсіз отырғанын көреді. Тілші осы көріністі ұялы телефонның бейне камерасына түсіріп алыпты. Алдыңғы қатарда отырған полиция қызметкерлерінің екеуі де белдік тақпағанымен, бейне жазбада тек тізгіндегі тәртіп сақшысы ғана анық көрінеді. Таспаны анықтап қарасыңыздар, жол-патрульдік полиция көлігінің 10 сериялы 189 КР мемлекеттік нөмірін аңғарасыздар. Ал есігінде 311 нөмірі жазулы.

Полиция қызметкерлерінің көлікте қауіпсіздік белдігінсіз жүруі қаншалықты заңды, жоғарыдағы бейне таспадағы полиция қызметкерлерінің аты-жөні кім, тәртіп сақшыларының мына әрекеті заңсыз болса, олар жазаға тартыла ма? Осы сауалдарға облыстық ІІД өкілдерінен ресми жауап күтеміз. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓