Ауылдықтар несие алуда
"Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" аясында Жангелдин ауданына 45 млн. теңге қарастырылып, жеке кәсіппен айналысамын дегендерге шағын несие беріле бастады.

Қаржының 20 млн. теңгесі ел игілігіне ұсынылған. Ауылдықтар алған несиесін мал басын көбейту, шатхана, техникалық қызмет көрсету орталықтарын ашу, жолаушы тасымалдауға жұмсауда.