Лисаковта бес тұрғын үй салынады
Алдағы жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда, Лисаков қаласында жаңадан тұрғын үй құрылысы басталады. Шаһардың 7 шағын ауданында 5 бірдей баспана салу жоспарланған.

Лисаков қаласында қазір мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға 639 адам кезекте тұр.