Астанаға 400 т өнім апарылады

15-16 қазанда Астана қаласында (Астана қаласы әкімдігінің алаңы, Кенесары-Бейбітшілік көшелерінің қиылысы) «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді.  Баннер
2 күн бойы облыстың  14 ауданы мен 3 қаласының 74 кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін саудаға шығарады.
Атап айтқанда, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Қамысты, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларының кәсіпкерлері қатысады.
Облыстың кәсіпорындары 360 тонна көлемінде 100-ден астам өнімдер атауларын сөреге жаяды: малдың барлық түрлерінің еті – 53 тонна, көкөністер  – 180,  сүт өнімдері – 14,0,  шұжық өнімдері және еттің жартылай фабрикаттары – 10, жарма және макарон өнімдері – 15 тонна, нан-тоқаш және кондитерлік бұйымдар – 13,  жұмыртқа – 250 мың дана, ұн – 45 тонна.
Барлық өнім Астана қаласының нарықтарында қалыптасқан орташа бағадан 15-20 пайызға арзан болады.
Өнімдерді артқан автотізбек ел астанасын жұма күні таңсәріде бетке алады. Ауылшаруашылық басқармасы басшылығы жүк көліктерінің босап келеріне кәміл сеніп отыр. Өйткені өткен жылдары қостанайлық өнімдерді астаналық тұрғындар сауда-саттықтың алғашқы сағатында-ақ пышақ үстінен бөліп алып кеткен еді.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓