Сақтықта қорлық жоқ

Шағын және орта бизнес объектілерінде, өндірістерде, тұрғын секторларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндет. Об-лыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері ғимарат-нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарына сай жоспарлы және жоспардан тыс 1141 тексеру жүргізіп, қорытындысында 1980 заң бұзушылық анықталды.  
802_2– Тексеріс жүргізу қорытындысы бойынша құқық бұзушылыққа жол берген 836 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 13 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысандардың жұмысын  уақытша тоқтату туралы 13 талап-арыз жолданды, – дейді облыстық ТЖД аға инженері Бақыт-қаным Мұқанова.
Маманның айтуынша, қызыл жалын көбіне электр сымдары мен электр қондырғыларын қолдану кезіндегі абайсыздық кезінде, техникалық пайдалану және монтаждау ережесін бұзғанда, пешті өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамай жаққанда болады. Сонымен қатар, өткен жылы Президент Жарлығына сәйкес елімізде шағын және орта бизнес өкілдерін тексеруге мораторий жарияланған болатын. 
Шұға                  
   ҚОҢҚАБАЙ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓