Мүгедек жандар қоғам назарында
Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту мәселесі "Нұр Отан" партиясы Жангелдин аудандық филиалының назарында.
Ауданда жұмысқа жарамды 83 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 42-сі қоғамдық жұмыстарға тартылған. "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастырушылардың қатарын толықтырып, 2-топтағы мүгедек Сейдахмет Нұрымбетті күзетші қызметіне қабылдауды жөн кө-ріпті. Ал, аудандағы "Сенім-Вера" ұйымының төрайымы Ақмарал Досмақова аудан әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған.