Рудныйда жаңа емхана салынады

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Ғаязовтың халық алдында есеп беру жиыны кезінде облыс басшысы Архимед Мұхамбетов айтты.рудныйлык
Облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жайында сөз қоғай келе, кеншілер қаласының тұрғындарымен осынау жақсы жаңалықпен бөлісті.
– Міне, жаңа ғана Бақытжан Темірұлы өз баяндамасында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке жарқын мысал келтірді: өткен жылы Рудныйда спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жеке инвестиция арқылы 400 млн теңге жұмсалып, 30 жұмыс орны құрылды. Ал жақында мен "Стомед" басшылығын қабылдадым, олар Рудныйда жаңа заманауи емхананың құрылысын бастамақ ниетте. Биыл 300 млн теңге инвестиция салынады деп күтілуде, сондай-ақ, 2018-2019 жылдары 700 млн теңгеден қаржы құйылмақ, – деді А.Мұхамбетов.рудэн
Өңір басшысы жергілікті атқарушы биліктің толыққанды ықпалынан шығу керектігін, көбісін бәсекелес ортаға еншілетіп, ал жекеменшік иелері еселей жұмыс істеп, мейлінше жақсы қызмет көрсеуі қажеттігін де айта өтті. Рудный қаласының мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тұрғысында айтарлықтай тәжірибесі бар деді ол.
 
Суреттер "Хорошое дело" сайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓