Путиннен – орден
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Елена Лысенко Қостанайда тұратын соғыс ардагерлері мен олардың отбасыларына марапаттар табыс етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Ордендер және медальдармен бірге табыс етілген куәліктерге Ресей Президенті Владимир Путиннің қолы қойылған. Қостанай ардагерлер кеңесінде соғыс ардагері Василий Коштенконың ұлы мен немересіне Қызыл Жұлдыз ордені салтанатты түрде тапсырылды. Сондай-ақ Ресей елшілігінің кеңесшісі ардагерлер Бертран Рубинштейн мен Михаил Кондратенконың үйіне барып қайтты.