Екі ер адам өртеніп кетті

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай,  қайғылы оқиға Қостанайда гараж кооперативінде 19 ақпанда таңғы сағат 7-де болған.
«Бір қабатты жеке гараждан өрт шықты. Гараж алаңы 15 шаршы метр. Оқиға орнынан жанып кеткен 43, 32 жастағы екі ер адамның мүрдесі табылды», – деп хабарлады облыстың ТЖД Апаттық құтқару жұмыстары  қызметінен.
Жалын 7:31-де ауыздықталып, 9:23-те жойылды. Өртпен күресуге жеке құрамнан 7 адам, 2 бірлік техника тартылды. ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратта екі ер адамның мүрдесінде күштеп өлтіру белгілері болмағаны нақтыланады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓