Олар – еліміздің ертеңі, келешегі

IMG_5150Облысымыздағы қай мектепті алмайық, әрқайсысының  айтар өзіндік тарихы, естелігі, мақтаныш тұтатын  оқушылар жетіс-тіктері,  ұстаз  ұжымының қол жеткен  педагогикалық шығармашылығы бар.  Міне, сондай мектептің бірі деп Қостанай қаласындағы №5 орта мектебін айтуға болады.
– Әрине,  қай мектеп басшысы болмасын, ең алдымен оқушылары мен мұғалімдерінің табыстарына қуанады емес пе. Бүгінгі  елу бес жылдық мерейтойымызға қуанып отырған оқушыларымыздың, ата-аналарымыз да, педагогтарымыз да қуаныш жүздері қандай! Дәліздегі гүлдей жайнаған оқушыларымыз қандай! Қалалық әкімшілік, білім бөлімі тарапынан марапат, құрмет-сый да болды. Облысымыздың білім саласына мектебіміздің де қосқан  үлесі бар деп ойлаймын. Көрген шығарсыз, мектебімізге күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның өзі де ұжымға, оқушыларға жақсы әсер береді. Ең бастысы сол, оқушы балаларымызға заман талабына сай сапалы білім, саналы тәртіп беріп, мемлекетіміздің лайықты азаматы  болып өсуіне қол жеткізу. Мектебіміздің  ең бір бет-бейнесі деп  кадет сыныптарын айтар едім.
Ол тек мектебіміздің ғана емес, қаланың, облысымыздың бір үлкен мәртебесі десем, артық айтқандық емес. Сонау 2001 жылы кадет сыныбы  орыс тілінде, 2005 жылы қазақ тілінде оқытатын сыныптар да ашылды. Балаларды патриоттық тәрбиеге, өз Отанын, елін-жерін сүюге жетелейді.  Тағы  бір қуанышымыз – биылғы оқу жылында кадет сыныбына қыз балаларды да қабылдай бастадық. Сонымен бірге халықаралық инновациялық жобалар жәрменкесінде "Кадет сыныптарының міндеті" атты  жобамызды қорғап,  екі жүз жобаның ішінен  екінші орынға ілігіп, күміс сертификат жеңіп алдық. Тағы  да бір мысал,  қазақ тілінде оқытатын сыныптарда Әлия Наминәлиева деген оқушымыз бар. 7 сыныпта оқиды. Көпбалалы отбасынан шыққан, үлгілі, оқу озаты, сондай өнерлі, қаладағы саз мектебінде скрипка класында  білім алады. Осындай-осындай  елеулі еңбектеріміз бар, – деді бізге мектеп директоры  Бақытжан Исетова.
Гүлназым
    САҒИТОВА
Суретте: мерейтойдың бір сәті. 
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓