Мүгедек жандар мұңаймасын деп…
Соңғы жылдары мүгедектердің қоғамда қалыптасуына мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істер аз емес. Дегенмен, қамкөңіл жандар қашан да назарымыздан тыс болмау қажет. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қабылданған шаралардан басқа, әлі де шешімін таппаған өзекті мәселелер жетіп артылады.Жарым жандардың басына түскен мәселені құзырлы орган өкілдері де шешу жолдарын қарастыруда. Облыстық прокуратура құқық қорғау, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, жеке пәтер иелері кооперативтерінің, БАҚ өкілдерінің басын қосып, жүзеге асырылған «Тең мүмкіндіктер» жобасымен таныстырды. Мұндай жобаны қолға алуға мүгедектердің түрлі түйткілдері себеп болған.
– Жұмыспен қамту органдарына жүгінген 10 856 мүгедектің тек 402-сі ғана немесе 3,7% тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Сондай-ақ, көптеген тұрғын үй ғимараттарына және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүмкіндігі шектеулі жандар үшін емін-еркін кіріп-шығу жағдайы қарастырылмаған. Жобаны жүзеге асырудағы мақсат та – осы олқылықтарды болдырмау, – деді облыстық прокуратураның 1-ші басқарма бастығы А.Сыздықов.
Қыдырбек Қиысханұлы