Жолдар жабылды
"Қазақавтодор" диспетчерлік қызметі облыстағы жол жағдайы бойынша ақпарат берді.
Диспетчер мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында жолдарды жабу туралы шешім қабылданған. 19 ақпанда кешкі сағат 18.00-ден бастап республикалық маңыздағы жолдар жабылды. Тек "Қостанай-Рудный" бағытындағы жолдар ғана ашық болды.