Сиырдың құлағы кімге керек?

Ахаң туған өлкеден сенсациялық жаңалық. Қарасу ауылының тұрғындарынан соңғы күндері маза қашты. Белгісіз біреу қоражайдағы сиырлардың құлағын кесіп, жоғарға іліп немесе есіктің алдына тастап кететін көрінеді. сиирҚорадағы малды былай қойғанда, суаттың басында жүрген малдар да шұнақ болып, үйге құлақсыз қайтады екен. Бір таң қаларлығы кесілген құлақтан қан шықпайды. Ауыл тұрғындары бірлесіп түнгі кезекшілікке шықса да әлгі бұзақыны қолға түсіре алмаған. Ол аздай көршілес Ақкөл ауылында да құлақ кесу үрдісі жалғасын тапқан. Қарасу ауылының әкімі С.Оразбаевтың мәлімдеуінше, 40 бас мүйізді ірі қараның құлағы кесілген. Соңғы рет 15 қаңтар күні үш үйдің сиырларының құлағын кесіп кеткен. Әзірге құлақ кесер аз-мұз дамылдап, өзіне демалыс жариялаған сыңайлы. Жан шошырлық істен дүрліккен тұрғындар өз-өздерін жұбатып, ел ішіне әзіл әңгіме таратыпты. Яғни байлауға көнбейтін асау сиырларды “құлақ кесетін ағайға айтамыз” деп қорқытады екен. сиырЕлді дүрліктірген есерсоққа ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың арыз-шағымы бойынша іздеу салуда.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ,
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓