Бәріне арақ кінәлі
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 26 қарашада Федоров ауданының Банное ауылында болған.Осы күні сағат 17.00 кезінде Федоров аудандық ауруханасына 29 жастағы жәбірленуші кеуде қуысынан алған пышақ жарақатымен жеткізілді. Жедел тергеу барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы азамат ұсталды. Олар таныстарының үйінде спирттік ішімдік ішіп, араларында кикілжің туындап, арты оқыс жағдайға соқтырған.