Қант жоқта халықты қанағандар ұсталды

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Әкімдік пен "Тобыл ӘКК" АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан келісін 420 теңгеге жеңілдік құны бойынша кезектен және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге берген. Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 келіге дейін қантты үлестірген. Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10 пайыздың орнына 100 пайыз үстеме бағамен сатқан", — деді агенттіктің баспасөз қызметіндегілер.
Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке авто тұрағын тексеру барысында 900 келі қант табылған. Алынған қант қайта қорға қайтарылды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓