Таңдау көп, сапа жоғары
Қостанайда аймақтық ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр. Жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған көрмеге агроөндіріс саласындағы соңғы техникалар мен құрал-жабдықтар қойылған.






Көрменің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеутай Ержанов көрменің өңірдегі тауар өндірушілер үшін маңызды шара екенін атап өтті.

– Бүгін ондаған кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтарымен бөлісіп отыр. Бұл – егінмен, мал шаруашылығымен айналысатын қостанайлықтар үшін орасан мүмкіндік, – деді Т.Ержанов.
Аслан Қанғожин
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев