Н.Назарбаев қостанайлық қоғам өкілдерімен кездесті

Елбасы Н.Назарбаев Қостанайдағы қоғам өкілдерімен, Ассамблея мүшелерімен, ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесті._MG_4970-Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық  әлеуеті зор облыс ретінде Қостанай Тәуелсіз Қазақстанның дамуына айрықша үлесіп қосып келе жатқанын айтқым келеді. Ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген азаматтар көп.Сондықтан, қастерлі Қостанай өңіріндегі бүгінгі кездесудің өзіндік ерекшелігі бар,-деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.-Біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойы қарсаңында кездесіп отырмыз. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Қазіргі Қазақстанның аумағында тұрып жатқан бар халық, өзге ұлт өкілдері де бұрын-соңды дәл мұндай өмір сүріп көрген жоқ. Өмірге жаңа ұрпақтар келді. Бар болғаны ширек ғасырда басқа өсіп-өркендеген елдермен иық теңестіріп, дүниежүзі таныған үлкен елге айналдық._MG_5004Алқалы жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Президентке облыстың экономикалық-әлеуметтік ахуалы туралы есеп берді.-Аса мәртебелі Елбасы, Бірлік пен берекенің мекеніне айналған Қостанай өңіріне қош келдіңіз! Ең алдымен, Сізге осынау жиырма бес жылда облысымызға ерекше қамқорлығыңыз бен  қолдауыңыз  үшін барша қостанайлықтардың атынан  шынайы алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз.  Сіздің кемеңгер де дана саясатыңыздың арқасында бұл мерейлі мерекеге Тобыл-Торғай өңірі жарқын жетістіктермен, толайым табыстарымен жетіп отыр,-деді өңір басшысы._MG_4943Бұдан соң ҚР Үкімет басшысының орынбасары-Ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов егін орағының барысы туралы хабарлады. Биыл астықты өңірде бидай бітік шықты. Басқа дәнді дақылдар да олқы емес. Соның арқасында өңір сыртқы сауда саттықты барынша арттырды. Өзге де көрсеткіштер көңіл тоғайтады. Жұмыссыздық мәселесі 4 процентке дейін азайған. Елде мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылып, екінші бес жылдық бедерінде жаңа индустриалдық-инновациялық жобалар жүзеге асты. Яғни, экономиканың өркендеуі арқасында әлеуметтік сала қарқынды дамыды. Ауылшаруашылық саласында да өзгерістер басым.  Келелі жиында  белгілі диқан, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов сөз алды._MG_4952-Еліміздің соңғы 25 жылында ауылымыз да, біз өзіміз де өзгердік. Осы өзгерістер сізбен тікелей байланысты. Мен – өмір бойы егінмен айналысқан диқанмын. Еңбегім үшін, Сіздің қолыңыздан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алдым. Бірақ, бәрібір, бұл салада, мен – Сіздің шәкіртіңізбін! Менің ойыма екі оқиға түсіп отыр. Біріншісі, 15 жыл бұрын біз Сізбен қырда кездестік. Сол кезде, біз тек қана дәнді дақылдары себуші едік. Оның ішінде, бидай 95 %-ға жетуші еді. Сіз бізбен кездескенде, егіс алқабын диверсификациялау керек дедіңіз. Ол сөзді біз бірінші рет сізден естідік.  Өзі айтуға да қиын. Сіз егістікке майлы дақылдар кіргізу туралы ұсыныс жасадыңыз. Біз алғашында түсінбедік, дәнді дақылдарды себуге үйренген көбіміз, қарсы болдық. Бірақ, нарық уақытында, диверсификациясыз ауыл шаруашылығының экономикасы көтерілмейді екен. Сіздің айтқаныңыз дұрыс болды. Міне, нәтижесінде, қазіргі таңда, біздің «Қарқын» ұжымының алқап егістігінде бидай 65 %-ға төмендеді, майлы дақылдар 25 %-ға жетті. Ал былтыр, бидайдың тиімділігі – 27 %, рапс – 45 %, күнбағыс – 51 %, зығыр – 70 %-ға өсті.Екіншісі, ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан субсидия туралы. Осыдан  он жыл бұрын Қостанай облысына мемлекет тарапынан 500 млн.теңге субсидия бөлінген болатын, соған біз қуанып едік. Ал биыл, 50 есеге өсіп, 25 млрд.теңге болды. Оның ішінде, біздің шаруашылық  90 млн. теңге субсидия алды. Бұл – бұрын соңды болмаған. Әлемде ешқандай мемлекетте бұндай көмек жоқ. Осының барлығын осы отырғандар да, барлық халықта  біледі,-деді «Қарқын» ЖШС директоры  Сайран Бұқанов._MG_4939Жылы жүзді кездесуде өз лебіздерін жеткізген қарапайым еңбек адамдары, қоғам қайраткерлері, түрлі мамандық иелері еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғап, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен сыртқы саяси сахнадағы беделін Н.Назарбаев есімімен тығыз байланыстырды..
         -Аса құрметті Елбасы!-деп бастады өзінің жүрекжарды сөзін Қостанайдағы №2-ші орта мектептің 11 ынып оқушысы  Анна Уварова,- Қазақ халқында: «Ізденген жетер мұратқа» деген  жақсы бір сөз бар.  Расында да, бұл менің замандастарым үшін ұранға айналуы керек деп ойлаймын. Сондықтан, Өзімнің отандастарыма, жерлестеріме туған жердің тілін сүйіп, дәстүрін құрметтеуден артық ештеңе жоқ дегім келеді. Менің ұлтым орыс, бірақ менің қазақ тілінде сөйлеуім ешкімді де таңқалдырмайды.  Себебі, бұл – қазақстандық патриотизмнің нормасы. Мыңдаған қатарластарым дәл осылай ойлайды. Бейбіт елде көптеген ұлыстардың тату өмір сүруі – біз үшін басты құндылық._MG_5035Нұрсұлтан Әбішұлы, жарқын болашаққа жолды салған да – Сіз, бағыт берген де – Сіз! Әкелік қамқорлығыңыз үшін, перзенттік жүрегіммен, Сізге алғысымды білдіремін._MG_5024Елбасымен өткен екі сағаттық кездесу барысында түрлі мамандық иелері сөз алып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жеткен жетістіктеріміз бен табыстар жөнінде тебірене сөз сөйледі. Жиын соңында Президент қостанайлықтардың еңбегіне табыс тілеп, зор жетістіктерге жете беруіне ниеттес екенін жеткізді._MG_4881
 
Әлібек ЫБЫРАЙ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓