Қоныс тойдың “көкесі” – келер жылы
Қостанай қаласында келер жылы 528 пәтердің құрылысы қарастырылған. Баспаналар Герцен, Майлин, Әуежай және 9-шы шағын ауданда бой түзейді. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің мамандары баспаналы болудың тетіктерін тәптіштеп түсіндіруде. Өз үйі, өлең төсегіне қол жеткізгісі келетін салымшыларға пәтерлер несиелендіру шарттары арқылы беріледі. Шаршы метрдің бағасы 140 мың теңгеден аспайды.
Бүгінде елімізде баспаналы болудың бірнеше тетіктері бар. Соның ең тиімдісі – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі екені талассыз. Осы жүйе аясында жүздеген жан ұя үймен қамтылып, әлеуметтік жағдайын жақсартты. Салымшылар сондай-ақ, электронды үкімет порталы арқылы да тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мүмкіндігін пайдалана алады. Бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымшылардың саны 34 мыңнан асады.
Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің шарты мынадай: Салымшылар жеке шот ашып, пәтерге қаржының 50 пайызын жинауы тиіс. Егер депозитті ұзақ мерзімге ашса, несие шарттары да соғұрлым тиімді болады. Оның үстіне, жыл сайын үкіметтен 20 пайыз мөлшермен сыйақы қарастырылған. Пәтерлер Өңірлерді дамыту бағдарламасының кестесі бойынша бөлінеді. Облыс аумағындағы құрылыстың ауқымды бөлігі 2017 жылға жоспарланған. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 29 мың шаршы метр үй тұрғызылып, 600-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.
Салеметсиздер ме. Мен 3 баланын анасымын. Жолдасым ТОО да жумыс iстейдi. Квартирага калайсын очередке туруга болады.
Бəрімізге жұғысты болсын!!!!!
Бізге қашан келер екен?!