Валюталық заңнаманың сақталуын қадағалау
ҚР Ұлттық банкінің Қостанай филиалы облыс аумағында валюталық заңнама нормаларының сақталуына қадағалау жұмысын жалғастыруда. Өткен жылдың барлық мерзімі және 2014 жылдың алты айы бойынша филиал 30 жоспарлы және 18 жоспардан тыс тексерістер өткізді.
Мәлімдеме бойынша, 2014 жылдың 02 сәуірінен бастап 2015 жылдың 01 қаңтарына дейін Қазақстанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен кіші және орташа кәсіпкерлік субъектілерін тексеру доғарылды. "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығына қол қойылды. Алайда, Жарлықпен қаржы ұйымдарын тексеру доғарылмағанын атап өтеміз.
Осыған байланысты ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы жоспар бойынша ҚР валюталық заңнама нормаларын сақтауы бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктердің 6- филиалына, "Казпошта" АҚ ҚОФ, 22 уәкілетті ұйымдарға тексеріс өткізді. Сонымен қатар жоспардан тыс екінші деңгейдегі банктердің 16- филиалына және 2 уәкілетті ұйымдарға, 17 жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеріс жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар үшін уәкілетті банк филиалдарына қатысты ҚР ұлттық Банкімен ықпал ету шаралары қолданылды (14.09.2006ж. № 95 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымдарына ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану ережесіне сәйкес).
Бұл ретте жоспарлы тексеріске ұшыраған 22 уәкілетті ұйымның ішінде, 14-нің қызметінде валюта заңнамасын бұзушылық анықталған жоқ.
"№ 106 Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін" сақтамағаны үшін 7 ұйымнан Ұлттық Банктің Қостанай филиалымен жетіспеушілікпен бұзушылықтарды жою жөніндегі жоспарланған іс-шаралар талап етілді. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар 4 ұйым-ға қатысты Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" № 191-IV Заңының 11 бабының 2 тармағын бұзған үшін ҚР ӘҚБК 168-3 бабының 2 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалды. Сайып келгенде сотпен 1 603 140 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынып, өз еріктерімен 1 195 700 теңге төленді, қалған сома бойынша өз еркімен төлеу мерзімі бар.
2014 жылдың ақпанында Ұлттық Банктің Қостанай филиалымен қаржы ұйымдарымен "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" 2014 жыл-ғы 11 ақпандағы № 18 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысын сақтау жөнінде, жоспардан тыс тексеріс өткізілді. Тексеру барысында уәкілетті банктердің 3 филиалында бұзушылық анықталды. Сонымен қатар бір іс филиал банкінің лауазымды тұлғасына қатысты және екі іс уәкілетті банктердің филиалдарына қатысты қозғалды. Осы бұзушылықтар бойынша салынған жалпы айыппұл сомасы бір миллионнан аса теңгені құрады. Нақты кезде айыппұлдар өз еріктерімен бюджетке төленді.
Жеке кәсіпкершілік субъектісінің құжатты тексерістері валюталық заңнаманы бұзу болжамдары бар әртүрлі көздерден келіп түскен ақпараттар негізінде жүргізілді. Осы тексерістердің қорытындысы бойынша, 2013 жылдың қаңтар, желтоқсан аралығында және 2014 жылдың қаңтар айынан 1 сәуірді қоса алғанға дейінгі жүзеге асырылған, жарлыққа сәйкес, мораторий енгізгенге дейін , филиалмен 7 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 7 іс қозғалды.
Айырбастау пунктері өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде, валюта заңнама талаптарымен қатар Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы "Заңсыз жолмен алын-ған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" № 191-IV Заңының нормаларын сақтауға міндетті. Осы Заңның нормаларын бұзған үшін 2013 жыл және 2014 жылдың бес айы ішінде ҚРҰБ қаулысымен әртүрлі уақыттарға облыс аймағында орналасқан УБ 92 айырбастау пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылды, үш уәкілетті ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Ұлттық Банкі РММ
Қостанай филиалы
Валюта операцияларын
бақылау бөлімі.