Израиль Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық танытуда

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Израиль инфрақұрылым министрлігінің аға үйлестірушісі, саяси технолог Юрий Бочаров және Израиль Абсорбация министрлігінің бас ғалымы Зеэв Ханиннің қатысуымен брифинг өтті.
ЕЭО Шетел ғалымдары Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндігі мен артықшылықтары туралы пікірлерімен бөліскен болатын.
Юрий Бочаров, Израиль инфрақұрылым министрлігінің аға үйлестірушісі: -Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндігі мол. Ең алдымен, Қазақстанның экономикасының дамуына тың серпін бермек. Мұндай нарық, мұндай экономикалық мүмкіндікке өзге шетел секілді біз де қызығушылық танытып отырмыз. Бұл одақ экономикалық мәселелерден басқа заңнамалық, бюрократиялық мәселелерді шешуге ықпал етпек. Бүгінгі күннің ең басты проблемасы-бюрократия. Сіздер осы мәселені шешуді қолға алып отырсыздар.
Зеэв Ханин, Израиль Абсорбация министрлігінің бас ғалымы: – Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы стратегияға алыс-жақын шетел көз тігіп, қызығушылық танытуда. Еуразиялық экономикалық одақпен серіктестік орнату Израиль үшін өте маңызды. Бүгінде Қазақстан-экономикалық интеграцияның алаңына айналып отыр.
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓