Ел болашағын айқындайтын құжат

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Қостанай облыстық филиалы «Жастар кадрлық резерві» жобасының қатысушыларымен кездесті. Резервистер ой-пікірлерін ортаға салып, мемлекет басшысының жаңа Жолдауы туралы көзқарастарымен бөлісті._MG_3121
 
_MG_3136«Жастар кадрлық резерві» жобасы 2009 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Оның мақсаты – басқарушы кадрларды анықтау, даярлау және оқыту. Бүгінде Қостанай облысынан отыз адам республикалық резервте тұр. «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Төлетаев келесі жылы резерваттардың қатарын көбейтуге кірісетіндерін айтты. _MG_3130Резерваттардың бірі, қазіргі күні облыстық мәслихатың депутаты Екатерина Смышляева жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.
-Бұл жоба жастарды еңбекпен қамтып, олардың біліктілігін артыруға, кәсіби шыңдалуына жол ашады. Жоба 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін нәтижелі жұмыс істеуде. Аталған көрсеткіш жобаның қажеттілігін, пайдасын дәлелдей түседі. Біздің резервистердің әр салада жоғары жетістіктерге жетіп жүргені қуантады. Жоба аясында алатын білімдеріңіздің күнделікті жұмыстарыңызға көмегі көп,- деді облыстық мәслихаттың депутаты Екатерина Смышляева._MG_3132
«Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов жастарға Жолдаудан түйген ойымен бөлісті._MG_3143
-Бұл құжат әсірелеп, қошеметтеуді қажет етпейді. Өйткені, ол – әр азаматтың тағдырымен байланысты, еліміздің болашағын айқындайтын құжат. Жолдаудың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуы тегін емес. Елбасы жаңа Жолдауында: «Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды», – деді. Әлемдік экономика біздің көз алдымызда өзгеріп жатыр. Сондықтан біз де жаһандану үдерісінен қалмай, жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Жаһанданудың өзгерістерінен қашып құтыла алмаймыз. Қашудың қажеті де жоқ. Өйткені, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі. Қазір кез келген салада бәсеке басым. Екі дипломы бар, шет тілдерін меңгерген мамандар сұранысқа ие.  «Жастар кадрлық резерві» жобасының мақсаты да осы оймен үндес. Заманға сай мамандарды тәрбиелеу, – деді «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Бекмұхамедов.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓