Мәжіліс депутаты Торғай халқымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Сапарова және “Нұр Отан” Партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов ауданымызға арнайы іс – сапармен келіп, әкімдіктің кіші мәжіліс залында жиын өткізді.АЛИЯ
Жиынға партия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
“Нұр Отан” Партиясы Жангелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауыл Ахметжанов жеті айда атқарылған жұмыстары жөнінде баяндады. 12 ауылдық округтерде 12 бастауыш ұйым бар. Ал аудан орталығындағы мекеме, кәсіпорындар мен мектептерде біріктірлген 8 бастауыш ұйым жұмыс жасайды. Үстіміздегі жылы партия мүшелігіне 214 адам қабылданған. “5 инститтуттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарын” орындаудың практикалық кезеңі қолға алынып, нәтижелі жұмыстар жемісін беріп келеді. Басшылыққа алған саяси экономикалық – әлеуметтік бағдарламалар үнемі назарда болып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері екі конференция, екі саяси кеңес мәжілісі, екі саяси кеңестің Бюро мәжілісі өткізілген. “Кедергісіз келешек” партиялық бағдарлама бойынша аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Асқарбек Кенжеғариннің мұрындық болуымен аз қамтылған 18 отбасыға аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен көмек жасаған. Сондай – ақ, Рауыл Қамбарұлы баяндама барысында алған қойған міндеттеріне де тоқталып өтті.ТОРГАЙ
Мәжіліс депутаты Әлия Сүйіндікқызы соңғы үш ай көлемінде әр сала бойынша, соның ішінде “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы төңірегінде Мәжілісте атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарымен бөлісті. Халықпен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тиісті орынға жеткізсем деген ойында жасырған жоқ. Сонымен қатар, 100 нақты қадам Ұлт жоспары бойынша Мәжілісте 59 заң қабылданып, оның 60 пайызы жүзеге асып жатқандығын да тілге тиек етті. Сөз соңында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, биылғы саяси науқанда жеңіске жетіп, халық қалаулысы атанған аудандық мәслихаттың депутаттарына ізгі тілегін жолдады.
“Нұр Отан” Партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Ерболатұлы келудегі мақсатымен ойын ортаға салып, партия куәлігін Алмас Рашитовке табыстап, облыстық партияның алғыс хаттарымен аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлзат Хамзинаны және “Біздің Торғай” аудандық газетінің тілшісі Б.Ахметбековті марапаттады.газез
Жарыссөзге шыққан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләззат Зейнекина, Торғай ауылы ардагерлерінің төрағасы Жылқыбай Бәкіров өздерінің атқарған жұмыстарының есебін қысқаша баяндады.
Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров аудандағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жайында әңгіме өрбітіп, мал шаруашылығын дамыту жолындағы бір қатар жұмыстар өз кезеңімен іске асып жатқандығын хабардар етті. Сонымен бірге медицина, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктерге тоқталып, ауданымызға арнайы келген меймандарға аудан әкімдігінің атынан алғыс білдіріп, елеулі еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, еңбек ардагері Тынышытық Әбжамалов көкейінде жүрген пікірін Мәжіліс депутатына жеткізді. Халықпен жүздесіп, сайлаушылардың үмітін арқалаған Мәжіліс депутаты көршілес Аманкелді ауданына жол тартты.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ,
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓