“КАМАЗ” үлесін сатты

"КамАЗ" АҚ  Қостанайда шойын құю және жүк көліктерінің компоненттерін шығаратын зауыттар салатын қазақстандық "KamLit KZ" ЖШС-нің тең құрылтайшысы  құрамынан шығып, . өз үлесін қазақстандық компанияға берді. Айта кету керек, 2021 жылдың соңында "КамАЗ"   жарғыға сәйкес KamLit KZ" ЖШС-нің 39% үлесіне ие болған еді.
Қостанай қалалық әкімдігінде ресейлік автоөндірушінің қазақстандық компаниямен арадағы  үлестен бас тартқандығы жөніндегі ақпарат расталды.
"Мәміле 2022 жылдың қарашасында аяқталды. "КАМАЗ" үлесі "HEAT Motors" ЖШС -іне  сатылды", – дейді  қала әкімдігі.
"КамАЗ" баспасөз қызметі де  қазақстандық компаниядан шығу фактісін жоққа шығарған жоқ.  "High End Assembly Technologies Motors" ЖШС  Астанада 2022 жылдың наурыз айының басында тіркелген.
Қазіргі таңда  "KamLit KZ" ЖШС Қостанайда екі зауыт салып жатыр. Олардың бірі шойын құюмен айналысады.  Дәлірек айтқанда, КАМАЗ жүк көліктерінің қозғалтқыштарына арналған цилиндрлер мен блоктардың бастарын шығарады. Өндіріс ауданы-28 мың шаршы метр, жобалық қуаты-жылына 40 мың тоннадан астам шойын құю. Құрылыс 2020 жылы басталды. Оған 200 млн  доллар  инвестиция  тартылған.
Екінші зауыт жетекші көпірлердің компоненттерін шығарады. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен  200 млн теңге. Өндіріс жылына 74 мың өнім шығаруға қауқарлы. Зауыт  алдағы жылдары пайдалануға берілмек.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓