Қызғаныштан кісі өлтірген
Жүргізілген тексеру барысында анықталғандай, қылмыскер марқұммен бірге алкогольдік ішімдік тұтынып, өзімен бірге тұратын әйелді қызғанғандықтан шөлмектесінің жүрек тұсынан пышақ ұрған. Ол сол жерде тіл тартпай кетеді.
Қолы қанға малынған қылмыскер сол күні-ақ тәртіп сақшыларына ұсталған. Ол – жұмыссыз, бұған дейін істі болмаған.
Тергеу нәтижелері бойынша облыстық прокуратура Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберілді.