Өндірісті өңірдегі өркенді істер

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап, тыныс-тіршілігімен және алға қойған мақсат-міндеттерімен танысты.ZFV_2042
Аймақ басшысы атбасын тіреген алғашқы нысан – Казогнеупор зауыты болды. Орта Азияда отқа төзімді өнімдерді шығаратын теңдесі жоқ кәсіпорын корунд, муллит, цемент ұнтақтары пен алюмосиликаттар Қазақстанның барлық аймақтарына, сондай-ақ Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан елдеріне экспорттайды. Өткен жылы зауыт 3272 млн теңге 25,2 мың тонна өнім өткізіп, жергілікті бюджетке 188 млн теңге қаржы құйған. Биыл да осы межені бағындыру жоспарда бар. 292 жұмыскері бар кәсіпорындағы орташа жалақы көлемі 105 мың теңге. Облыс әкімі кәсіпорын басшысынан өнімдер қайда өткізіледі және болашақтағы жоспар қандай деп сұрады.547887909
– Біз сирек өнім шығарамыз. Сондықтан оған деген сұраныс бар болғанымен ұзақмерзімді келісім шарттар жоқ. Біз факт бойынша жұмыс істейміз. Болашақта Қытай, Европа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарығына шығуды кезең-кезеңімен жоспарлап отырмыз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Яғни дайын өнімді сақтайтын қойма мен оны Железорудная стансасына дейін жеткізетін жеке темір жол желісі жұмыс істеп тұр, – деп жауап берді зауыт директоры Сергей Темірболатов.ZFV_2062
Архимед Бегежанұлы аралаған келесі кәсіпорын – «Казстройметалл» ЖШС. Серіктестік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы қаржылық қолдауға ие болған. Шығаратын өнімі – полиэтилен құбырлары.
– Индустрияландыру картасына енген жобаның болашағы жарқын. Бүгіннің өзінде ондаған миллион теңгеге тапсырыстар бар және жыл сайын жаңа нарықты игерудеміз, – деді кәсіпорын басшысы Евгений Чикишев.
Аймақ басшысы қала құраушы кәсіпорынның тәуелділігінен айырылу үшін осындай шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан үнемі қолдау болатындығын жеткізіп, басшыға табыс тіледі.погуль
Архимед Мұхамбетовтың жұмыс сапары «ССКӨБ» АҚ Соколов кенішінде мәресіне жетті. Кен алыбының өткен жылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспарлары жайлы әкімге бірлестік президенті Береке Мұхаметқалиев баяндады.
– Биыл 10 млн тонна темір кені шикізатын өткізуді жоспарладық. Алайда бүгіннің өзінде бұл көрсеткішті 400 мың тоннаға артық орындап отырмыз. Яғни 2017 жылға 10,4 млн тонна өнімді Қазақстан, Қытай мен Ресейдің кәсіпорындарына жеткізуге келісім-шарттар жасалды. Қазіргі таңда кенді қазып алу жұмыстарының көлемі азайғанымен, тау массасын аршып, қор дайындау жұмыстарына көп көңіл бөлудеміз, – деді Береке Сағатұлы.
Облыс әкімі Ресейге жеткізілетін темір кені концентраты мен жентектасының арақатынасы мен сапасы жайлы сұрап, нарықты кеңейту тапсырмасын қойды.ZFV_2026
– Әрине, атқарылып жатқан жұмыстарды қолдаймын. Бірақ та Қытай нарығын жан-жақты зерттеп, сол жақтың компанияларымен қарым-қатынасты нығайту керек. Себебі көрші Ресей кез келген уақытта сатып алатын өнім көлемін азайтуы мүмкін. Сондықтан Рудныйдың мерейтойлық жылында жоспарды асырып орындау керек, – деді ол.
Береке Мұхаметқалиев, өз кезегінде, әкім жүктеген міндеттерді орындауға күш салатындағын жеткізді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓