Жоғалып кеткен шопан табылды
26 қазан сағат 18.50-де Қарасу аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне Новопавлов ауылында 57 және 46 жастағы ер адамдардың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Күн райының қолайсыздығы мен қалың қарға қарамастан, олар мал бағуға кетіп, жұмыстан оралмаған.
Ер адамдар ЖШС-нің бірінде малшы болып жұмыс істейді, табында 165 бас ірі қара бар. Олар Қарасу ауылынан 75 шақырым жерде мал жайған.
"Біз жедел-іздестіру іс-шараларын дереу жүргізе бастадық, мен жедел уәкіл Константин Тихоновпен бірге шықтым. Іздеуге ЖШС қызметкерлері де қосылды. Біз шопандар мен малдардың қозғалу жолын анықтадық, нәтижесінде екі сағат ішінде оларды табуға мүмкіндік туды", – дейді Қарасу ауданының учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Мұхамбетсапов.

Жаурап қалған қалған шопандар аудан орталығынан 40 шақырым жерден табылды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты олар бағытын жоғалтып адасып кеткен.
Ер адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлық мал иесіне қайтарылды.
Ер адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлық мал иесіне қайтарылды.