Головкин Астанада жекпе-жек өткізеді
"Астана EXPO-2017" баспасөз қызметіндегілер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек Астанада 10 маусымда өтеді деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Әзірге ештеңе нақты айта алмаймыз. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, нақты бір мәліметтер жақын арада белгілі болады", – деді "Астана EXPO-2017" баспасөз қызметі.
Еске салайық, осы жекпе-жекке қатысты келіссөздер алдыңғы айдан бері жүргізіліп келеді. БАҚ мәліметінше, Головкин мен Сондерс жазда жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді келіскен.
Сонымен қатар, ESPN журналисі Фернандо Барбоза Головкин – Сондерс жекпе-жегі қай уақытта өтетінін айтты. Оның айтуынша, бұл кездесу Қазақстанда 10 маусымда өтеді.
Айта кетейік, Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 18 наурызда Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол орта салмақта WBA чемпионы Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) шаршы алаңда жұдырықтасатын болады.