Бекеттің бергі бетінде…

Қостанайлық шекарашылар екі бірдей есірткі тасымалына тосқауыл қойды.
"Қайрақ-авто" бақылау-өткізу бекетінде "ВАЗ-2170" автокөлігімен Ресейге өтпекші болған күдікті қызметтік иттің көмегімен ұсталды. Міндетті тінту барысында қазақстандық азаматтың көлігінен 30 грамм марихуана әшкереленді. Ол тексеріс алдында есірткілік затты дереу машинасының едені астына сеуіп тастаған.
 
Келесі оқиға "Обаған-авто" бақылау-өткізу бекетінде тіркелді. "Лисаков-Түмен" бағытындағы жолаушылар автобусында Антон есімді қазақстандық ұсталды. Бұл жолы да тіміскішіл иттердің көмегі тиді. Ол киіміне жасырып шекарадана алып өтпекші болған заңсыз зат – 10 грамм марихуана.
 
Материалдар Қарабалық ауданының ІІБ-не жіберілді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓