Рудный әкімі есеп берді

Аудан-қала әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне нүкте қойылды. Кеше соңғы боп өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов баяндады. Алқалы жиынға аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов, жергілікті билік органдары, кәсіпкерлер, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері мен қарапайым қала тұрғындары қатысты.обл
Бақытжан Темірұлының сөзіне құлақ ассақ, 2016 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 220,8 млрд теңгені құраған. Өсім «Лидер 2010», «Казогнеупор», «Бану Агро», «Аромика» серіктестері мен «Арасан Фирмасы» ЖШС Рудныйлық филиалында байқалды. Физикалық индекс көлемі 92,3 пайызға төмендеген. Мұны әкім темір кені шикізатының әлемдік нарықтағы бағасының құлдырауымен түсіндірді. Қалада құны 436 млрд теңгеге жететін 12 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Бүгінде оның 4-і әлі біткен жоқ.аким
Рудный қаласының аумағын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының шеңберінде 43 инвестициялық жоба қолға алынды. Соның ішінде өткен жылы құны 400 млн теңге тұратын жаңа спорт кешенінің тұсауы кесілді.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасының 1076 рудныйлық қатысып, оның 269-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 68 түлек жастар практикасына жіберілді. Жалпы соммасы 31 млн теңгеге жететін 15 шағын несие берілді. Нәтижесінде орташа жалақы көлемі 136 189 теңгеге жетті.рудный
Бақытжан Ғаязов экономикалық көрсеткіштермен қатар қаланың әлеуметтік өміріне де егжей-тегжейлі тоқталды. Баяндамадан соң облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жиыннан кейін қонақтар «Казогнеупор» ЖШС, «KAZСтройМеталл» ЖШС мен «ССКӨБ» АҚ Соколов кенішінде болып, өндірістің тыныс-тіршілігімен танысты.погуль
 
акиимҚуаныш ЕСҚАБЫЛ
(Толығырақ газетіміздің сәрсенбі күнгі санынан оқи аласыздар)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓