Әріптестік нығая түспек

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Свердлов облысына жұмыс сапарымен барды. Екатеринбург қаласына атбасын тіреген Архимед Мұхамбетов Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевпен кездесіп, екі өңірдің экономикалық байланысын нығайту жолдарын талқылады. FB_IMG_1529674547747Қазақстандық делегация құрамында облыс әкімдігі мен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері болды. «Свердлов облысы біз үшін стратегиялық тұрғыда жақын әріптесіміз саналады. Екі ел басшыларының достық қарым-қатынасының арқасында ішкі сауданың өсімі үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінгі кездесу қос тараптың экономикалық байланысын одан әрі жақсартады деген сенімдемін. Себебі, біз осында әлеуетті инвесторлар, кәсіпорын басшыларымен кездесіп, В2В форматында жиын өткіземіз. Қазір біз Қостанайда Индустриалды аймақтың құрылысын аяқтадық, сол себепті сіздердің облыстағы инвесторларға орын бөлуге мүмкіндігіміз бар. Олар өздерінің құрылғыларын біздің аймақта орнатып, кәсібін дамыта алады», – деді Қостанайоблысының басшысы. 
        Архимед Мұхамбетов Тобыл-Торғай өңіріндегі автозауыттың даму қарқыны туралы сөз етті. Облыс басшысының айтуынша, былтыр Қостанайда 6 мың көлік нарыққа шығарылған. Енді биыл бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайтып, көлік санын 12 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Іс-сапар барысында белгілі болғандай, Свердлов облысының кәсіпкерлері қостанайлық «Jac» автокөлігіне сұраныс жасап отыр. Әсіресе, оларды көліктің S3 моделі айтарлықтай қызықтырған. Свердлов облысының губернаторы қазақстандық әріптесінің ұсыныстарын толықтай қолдады. «Біз Қазақстандағы облыстармен тығыз байланыстамыз. 2017 жылдың көрсеткішінде тауар айналымы бойынша Қазақстан алдыңғы қатардағы елдердің бірі. Ішкі сауданың көлемі 30%-ға өсіп, 1 млрд-тан астам АҚШ долларын құрады. Сіздің осында келуіңіз екі өңірдің әріптестік байланысын одан сайын нығайтады», – деді Евгений Куйвашев.

FB_IMG_1529674534813
Қостанай облысының әкімдігі мен Свердлов облысының басшылығы экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты келісімге қол қойды. Жиын соңында Архимед Мұхамбетов өтіп жатқан Әлем чемпионатында Ресей құрамасына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ол ресейлік әріптестерін Қазақстанда өтетін Астананың 20 жылдығын мерекелеу салтанатына шақырды.
 Свердлов облысына жасаған жұмыс сапары аясында Архимед Мұхамбетов сондай-ақ «Композит Групп» холдингі, «Сибеко», «Красногвардейск машина құрастыру зауыты», «Век» зауыты» АҚ және «Кейтеринбург» компаниясының басшыларымен кездесулер өткізді. Олардың қай-қайсысы да қазақстандық нарыққа, оның ішінде Қостанай облысымен қарым-қатынасты арттыруға мүдделі. 
Мәселен, «Кейтеринбург»  компаниясының даму жөніндегі директоры Максим Лебедевтің айтуынша, Қазақстан жерінде, әсіресе Қостанай өңірінде жобаларды жүзеге асырып, инвестиция салуға қызығушылық артып отыр. 
         «Ресей аумағында күніне 120 мың адамды сапалы азықпен тамақтаныдырып отырған «Кейтеринбург» осы қызметті Қазақстанда дамыта түсуге мүдделі. Ол дегеніміз біздің қызметте сіздің елдің азаматтары жұмысқа тартылып, жаңа жұмыс орны пайда болады деген сөз. Сондай-ақ салық түсімдері де Қазақстан бюджетіне үлесін қоспақ» – деп атап өтті ол.    
  Жалпы еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын нығайту жолында бүгінде Қостанай облысы әкімідігі мен Ресейдің Свердлов, Челябі, Қорған, Орынбор, Омбы, Калуга облыстары және Татарстан Республикасымен арада жүйелі әріптестік жолға қолға қойылған. Әсіресе Қостанай өңірі кіретін Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарымен арадағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 1 млрд. АҚШ долларынан асып жығылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. Тауар айналымындағы облыстың экспорттық үлесі 52% болса, импорт 42%-ды құраған.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓