«Лайықты еңбек – қауіпсіз еңбек»
«Негізгі орындаушы – өкілетті орган» схемасы «Лайықты еңбек – қауіпсіз еңбек» жобасында қолданылуда. Ол өндірістегі жарақаттануды азайтуға бағытталған.
Облыс прокуроры Марат Қайбжанов өткен жыл қорытындысы бойынша ұйымдастырылған алқа отырысында Еңбек инспекциясына жарақаттану фактілері қайталанған кәсіпорындар тізімін жасау ұсынылғандығын айтты.
Облыста ондай 50 кәсіпорын бар екен. Олардың әрқайсысында алдын алу жұмыстары және қызметкерлерді аттестациялау өткізілді.
Сонымен қатар, ұжымдарда түсіндіру жұмыстары өткізілді. Ол Қауіпсіз еңбек негіздеріне оқытылған қызметкерлердің санын қырық есе көтеруге, жеке қорғаныс құралдарын бұрынғыдан он есе көп алуға мүмкіндік берді.
Жоба жүзеге асырылған уақыт ішінде өндірістегі жазатайым оқиғалар саны 15% төмендеді, ал зардап шегушілер саны – 18% төмендеді. Бұған дейін жыл сайын бұл статистиканың өсуі байқалатын.
Шұғыл әрекет жасау үшін «жедел желі» ашылды, нәтижесінде жасырылған 12 жазатайым оқиға анықталды.
Алқа отырысында сөз сөйлеген облыс әкімі Архимед Мухамбетов атап айтты: «Бүгін прокуратура жаңа сапалы деңгейге көшті. Енді заңдылықты қамтамасыз ету бойынша әрекеттер әрбір бөлек саладағы жағдайды терең талдау негізінде ғана жасалатын болды. Сипатты мәселе анықталады, оны шешуге бағытталған үйлестірілген шаралар қабылданады. Облыс прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылған салааралық жобалардың нәтижелері оны растайды».
Сонымен қатар, Архимед Бегежанұлы әкімдіктердің, өкілетті органдардың, құқық қорғау блогының, бизнес пен қауымдастықтың біріккен талпыныстарының бірқатар көкейкесті мәселелерді «орнынан жылжытуға» мүмкіндік бергендігін атап айтты.