Талап пен еңбек жетелеп

Армандардың орындалуы ең бірінші талап пен еңбекті қажет етеді. Адам баласы сол жолда белгілі бір мақсатқа жетпек. Сондай еңбек сүйгіш жастардың бірі – Дастан Нөпіров. Кейіпкеріміз заман көшінен қалмай,  бүгінгі таңда жеке жиһаз жасайтын цех ашты.
дастан1Дастан Нөпіров мектеп бітірген соң көп жастар сияқты оқуға тапсырып, Қостанай экономикалық колледжінің бухгалтер-экономист мамандығын бітірген. Ең алғаш еңбек жолын Қарасу ауданынан бастап, кейін Аманкелді селосында жалғастырды. Аудан орталығындағы "Наргиз" мейрамханасында бугхалтер болды. Еңбек ете жүріп айналасындағы жандармен араласа, тіл табыса білді. Жеке кәсіпкерлерден тәлім-тәрбие алып, жұмыс барысымен танысып, өзі де жеке кәсіп бастауға бел байласа керек.
Кәсіпкерлікті бел шешіп бастап кету де оңай емес екені белгілі ғой. Тәуекел керек. Батыл шешімге келген кәсіпкер үкіметтен қомақты көлемде несие алып, 2011 жылы өзінің туып өскен ауылы Аманкелдіде жеке кәсібін  ашты. Тапжылмай еңбек етудің арқасында жұмысы алға басып, ісі өрге домалады. Бүгінде 2 адамды жұмысқа тартып, жұмыскерлердің жалақысын тұрақты беріп отыр.
– Алла қаласа, осы бастаған ісімді одан әрі дамытып, ел игілігіне жарайтын жиһаздар жасап, кәсібімді кеңейтсем деген ниеттемін. Сәті түссе, мал шаруашылығын қолға алсам ба деген жосарым бар, – дейді жас кәсіпкер.
Күнжамал Кенжеахметова.
Аманкелді ауданы.

.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓