Колледж үздіктері 

Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі 1983 жылы құрылған еді. Бүгінде оқу орны алты мамандық, 10 біліктілік бойынша кәсіптік білім береді. Аспаз, даяшы, наубайханашы сияқты қажетті мамандарды даярлайды. Колледждің ендігі бір жаңалығы – жыл сайын үздіктер балын ұйымдастыру. Биыл үшінші мәрте өткен іс-шараға біз де куә болдық.  IMG_7433
IMG_7276Үздіктер балы қаладағы І.Омаров атындағы қазақ драма театрында өтті. Әсем безендірілген залдың іші көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Үздіктер балына жақсы оқитын 34 шәкірт шақырылыпты. Олардың әрқайсысы – өз мамандықтарының қыр-сырын жетік меңгеруге тырысып жүрген зерек жастар. IMG_7289
IMG_7262Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген колледж директоры Жанділдә Қожахметұлы шәкірттеріне зор табыс тіледі. IMG_7361-Біздің әрқайсымыздың өз арманымыз бар. Арман адамды алға жетелейді. Армандар орындалған сәтті әр адамның жұлдызды шағы десе керек. Қаншама студенттің арасынан сытылып алға шығып отырған 34 шәкірт үшін бүгінгі сәт ерекше. Сіздер ата-аналарыңыздың үкілеген үмітісіздер. Сіздердің әрбір жетістіктеріңізге оқытушыларыңыз да қуанады. Ендеше, оқуда озат болып, табысқа қол жеткізе беріңіздер,-деді колледж директоры Ж.Мақанов. 1IMG_7385Әсерлі кеште жақсы оқитын үш студентке ақшалай сыйақы берілді. «Аспаз» мамандығының 1-курс студенті Нұриден Балтабаев колледж директорының сыйлығын алса, 2-курс студенті Валерий Новышев «Глория» қонақ үй кешенінің сыйақысына ие болды. Үздік атанған үшінші студент Татьяна Штрылева «Добрый пекарь» ЖШС тағайындаған сыйақымен марапатталды. IMG_7265
IMG_7455
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓