Туған жерге туың тік

"Дипломмен – ауылға" мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылдың шілдесінен бастап өз жемісін беріп келеді. Елімізде соңғы 4 жыл ішінде 20 мыңнан астам жас маман еңбегін ауылда бастаған.
ннннОсы бағдарлама аясында өз шеберлігін шыңдау мақсатымен, кіндік қаны тамған туған жеріне атбасын бұрған жас маманның бірі – Нұрлыбек Бектауов.
"Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат" демекші, Нұрлыбек те ұстаздық жолындағы алғашқы қадамын ауылдан бастады. Нұрлыбек 2011 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. География пәнінің мұғалімі.
– Туған жеріме, түлеп ұшқан алтын ұя мектебіме келіп ұстаздық жолымды бастау менің бұрыннан келе жатқан арманым болатын. "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының арқасында осы арманыма қол жеткізіп отырмын. Бұл бағдарлама жастарға арналған зор мүмкіндік. Және де бағарлама аясында көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар да жастаригілігі үшін жасалынып жатқан зор көмек. Мен ұлағатты ұстаз атану үшін әлі де көп еңбектенуім қажет. Бар білімім мен жігерімді оқушылардың келешегіне арнасам деймін. Шәкірттерім биік белестерден көрінсе, мен үшін бақыт. Менің ең басты мақсатым – білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу, – дейді жас маман.
"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші, Нұрлыбектің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын айтпай кету мүмкін емес. Ол Жанкелдин ауданының Қызбел ауылындағы М. Дулатов атындағы орта мектепте еңбек етеді. Білімді жас маман қызметтегі алғашқы күндерінен бастап, өзінің ізденімпаздығымен, жаңашылдығымен ерекше көзге түсе бастады. Бүгінде Нұрлыбек өз әріптестерінің арасында өте сыйлы. Шәкірттерінің де шынайы құрметін, ыстық ықыласын арқалаған  маман.
 Өз ісінің білгір маманы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Нұрлыбектің өткізетін әрбір сабағы өте қызықты. Мұның себебі, оның ізденуден, үйретуден, оқытудан еш жалықпайтындығында.
  Нұрлыбектің шығар белестері, асар асулары әлі алда. Ауылымыздың мақтанышына айналған жас маманның келешегіне зор табыстар тілейміз!
Анар Гиссенова,
Арқалық қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓