Отбасы газға уланды
Оқиғы күні кеше сағат 9-дар шамасында Таран ауданына қарасты Тобыл ауылында болды. Қатты отын жағу кезіндегі пештің ақаулығы кесірінен үй ішін улы газ жайлап, 3 жасар қыз көз жұмды. Сондай-ақ, 33 жастағы ер адам, 31 жастағы әйел және 4 сыныпта оқитын қыз бала ауруханаға жатқызылды.