Ақтөбеден өріс іздеп кеткен

Қамысты ауданының полицейлері ауыл тұрғынының жоғалған бір отар қойын тауып берді. Отар Ақтөбе облысы аумағына өтіп кеткен.  

Қамысты ауданының полициясына Пушкин ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түседі.  Ер адам еркін жайылымнан 120 қойдың жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Табылмаса, алты миллион теңге шығынға ұшырар түрі бар.
"Кең көлемді іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін үш топ құрылды. Полиция қызметкерлері ауылдар мен жақын маңдағы аудандарды тексерді. Екінші тәулікте бір отар қой көршілес Ақтөбе облысының даласынан табылды. Ауыл тұрғыны полицейлерге мал іздеуге көмектескені үшін үлкен алғысын білдірді", – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.  
Полиция қызметкерлері тұрғындарға мал жаю ережелерін сақтау және үй жануарларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓