“Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз”
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
«Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты. Біз шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бердік. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық», – деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, құзырлы органдар кінәлі адамды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде.
«Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.