ҚР жер заңнамасындағы өзгерістер туралы
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтар жер заңнамасына енгізілген жеке меншік құқы мен шет елдердің азаматтарына жер телімдерін жалға беру құқы жайындағы түзетулерді қызу талқылап жүр.
Шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шет ел заңды тұлғаларының Қазақстанда ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер телімдерін 25 жылға дейінгі мерзімге тек қана жалға алатындығы қолданыстағы заңнамамен белгіленген.
Жалға берудің 25 жылдық мерзімі шет елдердің азаматтарына ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін және шет ел инвесторларының қызығушылын арттыру мақсатымен орнатылған.
Аталған азаматтардың жер телімдерін жеке меншігіне сатып алу құқы жоқ.
ҚР Жер кодексіне ағымдағы жылдың 1 шілдесінен енгізілетін түзетулер ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер телімдеріне деген құқықты иеленудің жаңа процедурасын қарастырады, яғни тек қана сауда-саттық (аукциондар) өткізу жолымен.
Сонымен қатар, түзетулер шет ел азаматтарына жерлерді жеке меншігіне сатып алу мүмкіндігін бермейді.
Қостанай облысы прокуратурасының 1-Басқармасы