Челябі студенттерімен кездесті
9 қараша күні Петропавл қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XV форумы қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған Қостанай облысының делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Челябі қаласына барған болатын. Сапар аясында облыс әкімдігі Челябі мемлекеттік университетінің студенттері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жобалық басқаруды енгізу тақырыбында мастер-класс өткізді.
"Челябі мемлекеттік университеті" (ЧелМУ) ҚФГБОУ ректоры Д. А. Цирингтің шақыруы бойынша, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев аталмыш оқу орнының студенттері үшін арнайы шеберлік дәрісін ұйымдастырды.М.Мырзалиев студенттерге Қазақстан Республикасында жобалық басқару жүйесін енгізу және Қостанай облысында оны іске асырудың тәжірибесі туралы айтып берді. Сондай-ақ, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға да тоқталды. Атап айтқанда ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша жобалар– егістіктерді цифрлау,дәлме–дәл жер бөлу, ақылды сүт және ет фермалары мен құс фабрикаларын құру, әлеуметтік салаларды цифрландыру және білім беру мен денсаулық сақтау, Қостанай қаласында SmartCity технологияларын енгізу туралыжан–жақты баяндады.
Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков пен "Тобыл" ӘКК" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Александр Цой 4.0 Индустрия элементтерін енгізу бойынша өңірлік тәжірибесімен бөлісті. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары және өңірге тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту мәселелері де қозғалды. Кездесуге студенттер белсене қатысып,қызықтырған сауалдарын қойды, пікір алмасты. Бір сағатқа жоспарланған шеберлік сағаты екі сағаттан астам уақытқа созылды. Жалпы, мастер-класқа ЧелМУ-дың басқару және экономика факультетіндегі"Мемлекеттік және муниципалдық басқару", "персоналды басқару", "Менеджмент" және "Экономика"бағыттары бойынша оқитын 500-ге жуық студенті қатысты. Олардың көпшілігі университетті бітіргеннен кейін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, даму институттарында жұмыс істеуге ниетті. ЧелМУ ректорының айтуынша, Қостанай облысының мемлекеттік органдарымен осындай өзара іс-қимыл алғаш рет қолға алынып отыр. Студенттер бірегей тәжірибе мен білімге қанығып, жобалық басқаруды практикалық енгізудің көптеген аспектілерін білді. Мастер-класс оларға оқуды аяқтағаннан кейінгі алдағы уақытта зор пайдасын тигізбек. Университет басшылығы осындай іс-шараларды Қостанай облысының жоғары кәсіби мамандарын шақырту арқылытұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Дәл мұндай өзараәріптестік екі өңірдің одан да тығыз ынтымақтастығына сөзсіз ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, ЧелМУ-дың математика факультеті Қостанай облысының делегациясы үшін арнайы экскурсия ұйымдастырды. Сапартоп мүшелері есептеу математикасы, компьютерлік қауіпсіздік және қолданбалы алгебра бойынша мамандар даярлығымен танысты. Облыс әкімінің орынбасары М. Мырзалиев өз кезегінде университетке "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Атап айтқанда, облыс әкімдігі мен ЧелМУ-дің Қостанай филиалы базасында бірлескен білім беру іс-шараларын қолға алып, оның ішінде ІТ-технологиялары саласындағы басқа қазақстандық университеттер мен сарапшы-тәжірибешілерді ұдайы шақырып тұруды көздейді.