Полицейге қол жұмсап…

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша айыпталып отырған 32 жастағы азаматша Ф-ға қатысты қылмыстық іс түсті.полицейІс материалдары бойынша, өткен жылдың 22 желтоқсанында сағат 19.20 шамасында Қостанай қаласының ІІБ Оңтүстік бөліміне азаматша К. қоңырау шалып, оның пәтерінде ішімдік ішкен қызы Ф. өзімен бірге тұратын еркекпен жанжал шығарып жатқандығы туралы хабарлаған. Аталған мекенжай бойынша келген учаскелік инспектор Ж. ішімдік ішкен еркекке өзімен бірге тірек пунктіне бару керектігін айтады. Ал ол қарсылық білдірген.
Осы уақытта мас күйде болған азаматша Ф. полиция қызметкерінің әрекетін теріс көріп, оған бас салып, бетін тырнап алады.
Қылмыстық іс бойынша сот отырысы 10-ақпанда сағат 10.00 басталады.  

 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓