Тарифке өзгеріс енгізілді

         Бүгіннен бастап Қостанайда жылу бағасының тарифі өзгереді. Мәселен, жеке тұлғалар бұдан былай әр ГКалына орташа есеппен 20 теңгеден төлесе, керісінше заңды тұлғалар 200 теңге  аз төлейтін болады.жылу          Мұндай өзгерістерге не үшін барғандығын жылу-энергетикалық компаниясындағылар жыл басынан бастап қалада суық су мен жарықты тұтыну  құны өскендігімен байланыстырады.
          -Осыған дейін қала тұрғындары жылудың әр ГКалына 4 473,09 теңге төлесе, енді оның көлемі 4 492,63 теңге болды. Яғни, тұрғындар үшін баға 0,4%-ке өсті. Ал қалғандары үшін 10 001,01 теңгеге түседі. Бұған дейін оның мөлшері 10 194,66 теңге еді,-дейді «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МҚК директорының орынбасары Валерий Солодов.
         Ол қала тұрғындарының кәсіпорын алдындағы қарызы азайып келе жатқанын айтады. Мәселен, жыл басында борышкерлердің жалпы берешегі 1 млрд.300 млн.теңге болса, бүгінде ол екі есеге дейін азайыпты.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓