Жол тәртібі жадыңызда болсын!

Күні кеше Қостанайдан 10 шақырым қашықтықтағы республикалық маңызы бар автожолда "Ережені сақтай отырып, өмірді қорғаймыз!" жыл сайынғы акциясы өтті.AH-bzpuor7w
"ҚазАвтоЖол" ҰК филиалының қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасымен, облыстық ІІД-нің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, көлік иелеріне Жолда жүру ережесінің жаңа жинағын таратты. Шара мақсаты – тасжолдағы апатқа әкелетін мәселелерге жүргізушілердің назарын аударту.
Бұл күні жолаушылаған барлық көлік жүргізушілеріне "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері мен полицейлер презенттер, яғни ЖЖЕ-нің жаңа жинақтарын әзірледі. Күллі жүргізуші акцияны ұйымдастырушылардың бұл әрекетін ықыласпен қабылдады.yP0-RW8lMZ4
– Шараны өткізу үшін ең қозғалысы көп Қостанай-Әулиекөл-Сұрған бағытындағы тасжолды таңдадық. Біз "ҚазАвтоЖол" компаниясымен ұдайы тізе біріктіріп жұмыс істейміз. Ортақ міндетіміз – жол жабындысы жағдайын, шартты белгілердің орнатылуын, апатты қозғалыс учаскесін анықтау, бақылауда ұстау, – дейді Қостанай облыстық ІІД АББ жол-техникалық инспекциясының аға инспекторы полиция Саят Бейсембин.IMG_2691
Қостанайдан Астанаға бара жатқан елордалық жүргізушілердің бірі қостанайлық тәртіп сақшыларының сыпайылығына тәнті екенін, сондай-ақ аймақта жол сапасының жыл сайын жақсарып келе жатқандығын айтты.IMG_2689
Қазақстандық ЖЖЕ буклетіне ие болған алысқа қатынайтын жүк көлігін тізгіндеген шетелдің шопырлар да жақсы мағынадағы таңданыстарын жасырмады. Олар ТМД-ның өзге елдерінде полицейлерден сыйлықтың мұндай түріне ие болып көрмегендерін айтады. Жүргіншілердің ортақ назарын, әсіресе, акция атауы жазылған тақырыптық плакат баурағанға ұқсайды.brIgGUkich0
Айта кетейік, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері аймақ көлемінде 218 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 32 адам көз жұмып, 268 азамат түрлі жарақат алған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓