Өңірде 70 кәсіби емес медиатор тіркелді
Биылдан бастап кәсіби емес медиаторларды оқытуды облыстық медиаторлар қауымдастығы дайындайтын болады. Осыдан екі жыл бұрын 15 кәсіби медиатор арнайы курстан өткен. Уақыттың өзі көрсеткендей, кәсіби емес медиаторлар аудан, ауылдық округтарға аса қажет. Қазір медиаторлар облысымызда Ұзынкөл, Қамысты, Денисов аудандары мен Арқалық қаласында жақсы жұмыс істеп жатыр. «Қазір біз алаңдатып отырған бір мәселе оңтүстік аудандарында мемлекеттік тілді жетік меңгерген заңгерлерді дайындау. Ал біздің өңірде мемлекеттік тілді меңгерген заңгерлер жоқтың қасы», – дейді облыстық медиаторлар қауымдастығының президенті Сергей Богатырев.
Шұға Аңсаған