Лаңкестерге қылмыстық жауапкершілік күшейтілді
2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексінде экстремизм мен лаңкестікке қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.

Айта кетейік, Кодекстің 273-бабында лаңкестік актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағандарды жазаға тарту мәселесі қамтылған. "Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", – делінген Кодексте.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді. Онда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысты санкцияларды қатаңдату қарастырылған.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ