Үміт – өзгелерде

Бәрімізге белгілі, күні кеше ғана Алматыдағы бүкіләлемдік универсиада ойындары басталған болатын. Жарыстың бірінші күні қостанайлық шаңғышы Виталий Пухкало да өз бағын сынаған еді. Алайда, астықты өлкеден аттанған спортшының үміті ақталмады. Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының деректері бойынша, ҚР спорт шеберіне үміткер шаңғышы Виталий Пухкало 10 шақырымға жекелеген бәсекеде мәреге тек бесінші болып жеткен. XV3AL76zSPs
(Сурет Виталий Пухкалоның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)
Ал, қостанайлық Максим Грязнов ойнайтын Қазақстанның хоккей құрамасы алғашқы кездесуде Қытай студенттерін ойсырата жеңді. Жалпы есеп – 22:0.
Сондай-ақ, жақын күндері тағы да бірқатар жерлестеріміз осы додада сынға түспек. 5,6,7 ақпан күні шорт-тректен халықаралық деңгейдегі спорт шебері Анастасия Крестова өнер көрсетеді. Оның қашықтығы 1500, 500 және 1000 метр.
Конькимен жүгіру спортынан Александр Клеменко қатысады. Оның қашықтығы  500, 1500 және 1000 метр. Жарыс күндері 1, 2 және 3-ақпанға белгіленген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓