Облыс әкіміне хат жазыңыз
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің облыс тұрғындарымен есептік кездесуге дайындығы шеңберінде 2017 жылғы 1-10 ақпан аралығында blogs.egov.kz облыс әкімінің блогына, 575 057, 575 084 телефондары бойынша, 917 тегін нөмірге (Beeline байланыс операторы) SMS-хабарламалар арқылы тұрғындардың сұрақтарын, сондай-ақ Қостанай қ., әл-Фараби даңғылы, 66 мекенжайы бойынша «есептік кездесу шеңберінде» белгісі бар азаматтардың жазбаша өтініштерін қабылдау жүзеге асырылатын болады.