Мың түп ағаш отырғызды
Елді мекендерді абаттандыру үшін елімізде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» басталды. Бұл игі бастама аясында Қостанай қаласы 1000 түп, ал қалған шағын қалалар мен аудандар 400 түптен ағаш отырғызды. Жасыл желекті түптеу үшін облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, кәсіпкерлер қолға күрек алды.
Акцияға қатысушылар қалаға кіреберісте, Назарбев зияткерлік мектебінің маңында жұмыс істеді. Олар емен, қайың және қарақат, долана, алмұрт ағаштарын отырғызды.
-Біз ел көлемінде жасалып жатқан сенбілікке өз үлемісізді қосып отырмыз. Осы акция аясында еліміздің барлық қалалары мен облыс орталықтарындағы саябақтар, аллеялар, ботаника бақтары және жағажайлар абаттандырылды. Республикамыздың басқа да облыстарында осындай іс-шараға азаматтар белсенді түрде жалғасуда. Біз де сырт қалған жоқпыз. Бұл көшеттеріміз жерсініп, көктеп өсіп, қаламызға көрік береді деп ойлаймыз,- дейді облыс әкімі аппаратының бас маманы Саят Назиров.
Жыл сайын жалғасын тапқан бұл үрдіс қоршаған ортаны аялауға, қала көркін кіргізіп, тазалықты сақтауға септігін тигізбек. Жұмысқа шыққан жастардың көбісі Қостанай қаласы әрқашан жасыл желегі мен және айнадай тазалығымен көпке үлгі бола білген дейді.-Қаламыздың тазалығы – біз үшін мақтаныш. Басқа жақта тұратын достарым Қостанайдың осы қырын жиі айтып тамсанады. Бұдан бөлек, облыс аумағындағы қалың ормандар да қонақтарға ұнап жатады. Ал ағаш егу – ежелден келе жатқан жақсы амалдардың бірі. Бұл бізге және біздің кейінгі ұрпаққа пайда әкелетін болады,-дейді Гүлнұр Нұрғали.
Кенже ҚОНЫСБАЙ,
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.